Павлодар облысында екі студент қатарластарынан ақша бопсаламақ болып, полицияға ілікті. Олар 19 және 20 жастағы жігіттер, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Павлодар қаласында болған. Күдіктілер бірнеше студентті қорқытып, ақша талап еткен. Полиция оларды ұстап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
«Біз бопсалау фактісін анықтадық. Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді облыстық полиция департаментінің өкілі.
Студенттердің аты-жөні әзірге жарияланбады. Тергеу барысында олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

