Алматы облысындағы Талғар ауданында 20 жастағы жігітті пышақтап өлтірді. Қайғылы оқиға мейрамхана маңында болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, жігіт тойдан шығып бара жатқанда бір топ адам шабуыл жасаған.
Полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Олар оны бірден пышақтап тастады. Ешқандай жанжал болған жоқ, жай ғана кездейсоқ соқтығысып қалған сияқты», – дейді марқұмның туысы.
Құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілер ұсталған жоқ.

