Categories Спорт

Қазақстан құрамасы жаңа формада: ою-өрнек пен заманауи дизайн үйлесімі

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаларға арналған жаңа ойын формасын ресми түрде таныстырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа форманың дизайнында ұлттық ою-өрнектер мен заманауи спорт стилі үйлескен. Бұл – бұрынғы нұсқалардан ерекшеленетін тың шешім. Федерация өкілдерінің айтуынша, форма ойыншылардың жайлылығын арттыру үшін арнайы материалдардан тігілген.

«Біз бұл форманы жасау барысында еліміздің мәдени кодын сақтауға тырыстық. Ою-өрнектер – біздің тарихымыздың бір бөлігі, ал заманауи кесік спортшыларға еркін қимылдауға мүмкіндік береді», – деді ҚФФ өкілі.

Жаңа форма ұлттық құраманың алдағы ойындарында сынақтан өтеді. Жанкүйерлер оны матчтарда көре алады.

Ұқсас жазбалар

Неміс теннисшісі Александр Зверев «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетті

Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінің ерлер арасындағы финалында неміс теннисшісі Александр Зверев италиялық Флавио Коболлиді…

Астанада таеквондодан тұңғыш рет Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі өтеді

Астанада таеквондодан алғаш рет Altaic Taekwondo Championships халықаралық турнирі өтеді. Жарыс ересектер мен жастар арасында…

«Ролан Гаррос»: Данилина мен Крунич финалда жеңіліс тапты

Қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық Александра Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің финалында сәтсіздікке ұшырады.