Categories Саясат

Қазақстан көші-қон саясатын мамандар мен инвесторларды тартуға бағыттап өзгертуде

Қазақстан көші-қон саясатын жаңартып, елге жоғары білікті мамандар мен инвесторларды тартуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы бүгін вице-премьер – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы 10 сәуірден бастап шетел азаматтарын тұрақты тұруға қабылдау тәртібіне қатысты жаңа ережелер күшіне енген. Бұл өзгерістер елдің адами капитал сапасын арттыруға және сұранысқа ие мамандарды тартуға бағытталған.

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады. Оларға инвестициялық жобаларға қатысатын басшылар мен олардың отбасы мүшелері үшін арнайы визалар беріледі. Бұл ел экономикасына еркін кіріп, бизнес жүргізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тапшы мамандық иелерін тартуға ерекше назар аударылып отыр.

Аида Балаеваның айтуынша, арнайы визалар мен тұрақты тұруға мүмкіндік беретін санаттар нейрохирургтар, гематологтар, фармацевтикалық инженер-технологтар, бактериологтар, графикалық анимация мамандары сияқты сұранысқа ие кәсіп иелеріне қарастырылған.

Жалпы тізімге 51 мамандық енгізілген және ол тұрақты түрде жаңартылып отырады. Бұл тізім ел экономикасының қажеттілігіне қарай өзгеріп отырады. Келесі жаңарту 2030 жылға дейінгі көші-қон саясаты тұжырымдамасы аясында жыл соңына дейін жүзеге асырылады.

Сонымен қатар жаңа виза түрлері енгізілуде.

Министрдің айтуынша, жоғары білікті мамандар мен цифрлық көшпенділерге арналған жаңа визалық санаттар жаһандық таланттар мен заманауи технологияларды тартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұсынысы негізінде шетел азаматтарын жеңілдетілген тәртіппен елге кіргізу тетігі қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл шаралар мемлекет, бизнес және қоғам мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып, Қазақстанның ашық әрі заманауи көші-қон саясатын қалыптастыруға бағытталған.

Айта кетейік, 20 сәуір күні Үкімет басшысы Олжас Бектенов құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізіп, елдегі көші-қон жағдайын және оны реттеу шараларын қарастырған болатын.

Ұқсас жазбалар

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында алға қойған міндеттері аясында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы»…

Наградили представителей авиационной отрасли

Первый заместитель Премьер-министра Роман Скляр вручил награды от имени Президента Казахстана сотрудникам государственных органов и…

Олжас Бектенов Абай облысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штаб отырысын өткізді

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел…