Categories Жайық news

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында мерзімді қызметтегі сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының қазасына қатысты іс сотқа жолданды. Басты айыпталушы – оның рота командирі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бас әскери прокуратураның мәліметінше, рота командиріне қызметіне салғырт қарады деген айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, офицер бөлімшедегі тәртіп пен қару-жарақ қауіпсіздігін бақылаусыз қалдырған.

Сонымен қатар оған марқұмның қызметтестеріне қатысты билігін асыра пайдаланды деген де кінә артылып отыр.

Қайғылы оқиға 27 қаңтарда Гвардиялық гарнизонда болған. Сарбаз кезекшілікте тұрғанда оқ тиіп, мерт болды. Прокурорлар офицердің кінәсіне сенімді болғанымен, оның туыстары бұл пікірмен келіспейді. Олар командирдің әрекеті мен сарбаздың өлімі арасында тікелей байланыс жоқ деп санайды.

Сарбаздың қазасына қатысты басқа да мән-жайларды тергеу әлі жалғасып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Ауыл аманаты» ауылды дамытуға серпін беруде: Қаратөбе ауданында сүт өндірісінің ауқымы кеңейіп келеді

Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы айрықша ықпал етуде. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы…

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.