Categories Жайық news

Зейнет жасы: Қазақстандық әйелдер үшін 2028 жылдан бастап бәрі өзгереді

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы 2027 жылдың соңына дейін 61 жас деңгейінде сақталады. Ерлер үшін зейнет жасы өзгеріссіз — 63 жас, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Алайда, 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасы жыл сайын алты айға кезең-кезеңімен ұлғая бастайды. Үкімет бекіткен кестеге сәйкес, өзгерістер төмендегідей жүреді:

— 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жас;
— 2029 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жас;
— 2030 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жас;
— 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жас.

Осылайша, 2031 жылы Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнеткерлік жасы теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…