Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуді көздеп отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Спортшы бұл мақсатына биыл қол жеткізуге тырысатынын ашық мәлімдеді. Оның айтуынша, әлемдік рейтингте көш бастау – оның келесі басты межесі.
Бұл – менің келесі үлкен мақсатым. Биыл осы межеге жетуге тырысамын, – деді Рыбакина.
Қазіргі уақытта Елена Рыбакина WTA рейтингінде 4-орында тұр. Оның алдында поляк теннисшісі Ига Швентек, Беларусь өкілі Арина Соболенко және америкалық Коко Гауфф орналасқан.
Фото: Әлеуметтік желіден

