Categories Жайық news

Нетаньяху Иранға қатысты жоспарын жариялады: «Режимді құлатуға көмектесеміз»

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ирандағы жағдайға қатысты батыл мәлімдеме жасап, елінің Иран халқына билікті ауыстыруға көмектесуге дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Ол Израильдің Иран халқының өз режимін құлату мүмкіндігін арттыру үшін жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

«Израиль Иран халқының режимді құлату мүмкіндігі үшін жұмыс істеп жатыр», — деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ Нетаньяху Иранның жаңа басшысы Моджтаба Хаменеиге қатысты да өз ойын білдірді. Ол оны «жаңа тиран, жаңа қуыршақ» деп атап, оның көпшілік алдына шығуға батылы жетпейтінін сынады. Тіпті, әзілмен егер сақтандыру агенті болса, Хаменеидің өмірін сақтандырмайтынын да айтты.

Премьер-министр Израильдің аймақтағы ықпалының артқанына тоқталды.

«Мен сіздерге уәде еттім: біз Таяу Шығыстың картасын өзгертеміз. Дос та, дұшпан да мойындағандай, Израиль бұрынғыдан әлдеқайда күшті. Мұны қазір барлық көршілеріміз мойындап отыр», — деді Нетаньяху.

Сонымен қатар ол Ирандағы режим халықтың өз күш-жігерінсіз құламайтынын мойындады. «Егер режим құламаса, ол әлсірейді. Ал егер құласа, мәселе толық шешіледі», — деп сөзін қорытындылады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…