Categories Саясат

Жаңа рақымшылық: 100 мың адамға үміт бар ма?

Сурет: Ашық дереккөз (архив)

Қазақстанда заңнаманы ізгілендіруге бағытталған маңызды қадам жасалды. Депутаттар жаңа рақымшылық туралы заң жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл рақымшылық Әділетті Қазақстан тұжырымдамасы аясында әзірленген. Ол сотталғандардың бір бөлігін босатуды және жазасын жеңілдетуді көздейді.

«Бұл – күшті мемлекеттің көрінісі. Мемлекет өз азаматтарына екінші мүмкіндік беруге дайын», – деді депутаттардың бірі.

Жоба бойынша рақымшылық жеңіл қылмыс жасағандарға, сондай-ақ әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты қолданылады. Ал ауыр қылмыскерлер бұл тізімге енбейді.

Заң жобасы қазір Мәжілісте қаралып жатыр. Мамандар оны биылғы жылдың соңына дейін қабылдауы мүмкін деп болжайды.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Көктемгі шақыру қорытындысы: Қазақстан әскері 21 мыңнан астам азаматпен толықты

Көктемгі шақыру науқаны аясында Қазақстанның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен…