Ел тағдыры шешілетін маңызды күнде жастар да белсенділік танытты. Дина Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің оқушылары Орал қаласындағы №450 референдум учаскесінде арнайы флешмоб ұйымдастырып, саяси науқанды қолдауға өз үлестерін қосты.
Флешмоб барысында белсенді жастар әуезді күй орындап, , көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Дауыс беруге келген тұрғындар студенттердің өнерін жылы қабылдап, қолдау білдіріп, олармен бірге естелік суретке түсті.
Жастардың айтуынша, референдум – ел үшін аса маңызды оқиға. Сондықтан әрбір азамат өз дауысын беру арқылы ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсеті…
БҚО-да референдумға қатысушылардың белсенділігі жоғары
Жаңа Конституция жобасына қатысты өтіп жатқан референдумда Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының белсенділігі ерекше байқалуда. Дауыс беру күні сайлаушылар өз құқықтарын пайдаланып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауда.
Тұрғындардың дауыс беруі – демократиялық процестің негізгі көрінісі. Биылғы саяси науқан қарсаңында облыста қоғамдық талқылаулар, ақпараттық кездесулер мен түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Соның нәтижесінде әрбір азамат өз дауысының маңызын түсініп, референдумға белсенді қатысуға ниет танытуда.
#aa

