Categories Жайық news

Тоқаев референдумда дауыс берді: «Конституцияның кейбір бөлігін өзім жаздым»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді. Мемлекет басшысы елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дауыс беру рәсімінен кейін Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арнап брифинг өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл күннің ел дамуы мен болашағы үшін тарихи маңызы зор екенін атап өтті.

Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл – тарихи құжат. Ол азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Жаңа Конституция еліміздің, жеріміздің тұтастығын, Тәуелсіздігі мен Егемендігін қорғайды, – деді Мемлекет басшысы.

Президент 1995 жылы қабылданған Конституцияның ерекше рөл атқарғанын, бірақ заман талабына сай жаңа Ата заң қабылдайтын уақыт жеткенін айтты. Сонымен қатар ол құжатты әзірлеуге өзі де белсене қатысқанын мәлімдеді.

Бұл жұмысқа мен де белсене атсалыстым. Конституцияның преамбуласын және басқа да нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігіне, келешегіне қызмет етеді деп сенемін, – деді Тоқаев.

Сөзінің соңында Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен халықаралық күн тәртібіне қатысты журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…