Categories Жайық news

Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі Madison Square Garden сахнасында концерт өткізеді

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әлемге әйгілі Madison Square Garden сахнасында «Stranger» атты жеке концертін өткізетінін мәлімдеді. Бұл жаңалық Алматыда өткен фан-кездесу кезінде жария болды, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.

Концерт 2025 жылдың 5 қарашасында өтеді. Бұл — Димаштың АҚШ-тағы ең ірі алаңдардың бірінде алғаш өнер көрсетуі болмақ.

Бұған дейін «Stranger» турының Барселона, Берлин, Лондон және Рига қалаларында өтетіні хабарланған.

Кездесу барысында әлеуметтік желілерде «Балқадиша» әнін татамиде орындап танымал болған 14 жастағы Иса Бекболат та сахнаға шықты. Ол Almaty Arena-да жиналған 8 мың көрерменнің алдында алғаш рет өнер көрсетті. Димаш оған сәттілік тілеп, қолдау білдірді.

📸 Фото: Александр Павский / Kazinform

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…