Categories Жайық news

Тоқаев БАӘ-ге көмек ұсынды: Таяу Шығыстағы ахуал ушығып барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесіп, Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент қарулы қақтығыс салдарынан БАӘ-нің азаматтық инфрақұрылымына зақым келгеніне қынжылатынын жеткізді. Ол Әмірліктер басшылығы мен халқына Қазақстанның қолдауын білдіріп, тілектестік танытты.

– Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктерін достас әрі бауырлас ел ретінде қарастырады, қажет жағдайда қолдан келгенше көмектесуге дайын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы БАӘ-нің азаматтық нысандарына және Шығанақтағы басқа да елдерге жасалған шабуылды қатаң айыптау қажет екенін атап өтті.

Өз кезегінде шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қазақстанның қолдауына жоғары баға беріп, халықаралық дағдарысты еңсеруде көмек көрсетуге ниет білдіргені үшін ризашылығын жеткізді.

Әңгіме соңында екі ел басшылары Қазақстан мен БАӘ арасындағы достық қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға бейіл екенін растап, қасиетті Рамазан айында халықтарына бейбітшілік пен амандық тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…