Categories Жайық news

15 наурыз демалыс күні бола ма? Сенат спикері жауап берді

Қазақстанда алдағы референдум өтетін 15 наурыз жаңа Конституция күні болып бекітіліп, ресми демалыс күніне айналуы мүмкін. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сенат спикерінің айтуынша, мұның бәрі халықтың дауыс беру қорытындысына байланысты болмақ. Ол жаңа Конституция жобасының өтпелі ережелерінде мереке күні ретінде құжаттың күшіне енген күні емес, қабылданған күні есептелетініне назар аударды.

«Қабылдау күні мен күшіне ену күні – екі бөлек нәрсе. Егер өтпелі ережелер жобасына қарасақ, онда Конституцияның қабылданған күні туралы айтылып отыр. Бұл – 15 наурыз», – деп түсіндірді Әшімбаев.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке мәртебесіне ие және ресми демалыс күні болып саналады.

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…