Иран ядролық бағдарламасын шектеуге келісетінін, бірақ оның есесіне АҚШ қаржылық санкциялар мен мұнай эмбаргосын алып тастауы керектігін мәлімдеді. Бұл туралы ирандық шенеуніктерге сілтеме жасаған The New York Times басылымы жазды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Басылымның ақпараты бойынша, Иран 3 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге уран байытуды тоқтатып, халықаралық инспекторлардың бақылауымен оның деңгейін азайтуға дайын.
«Осыған қоса, Тегеран бейбіт мақсатта уран байыту бойынша аймақтық альянсқа қосылуға, тәжірибе мен технология алмасуға әзір екенін жеткізген», – деп жазады басылым.
The New York Times бұл ұсыныстар АҚШ-пен ядролық келісімге келу туралы келіссөздердің бір бөлігі екенін атап өтеді. Жаңа келісім санкцияларды жеңілдетіп, тараптар арасындағы экономикалық байланыстарды қайта жандандыруы тиіс.

