Categories Жайық news

Олимпиада: 15 ақпанда бақ сынайтын қазақстандық спортшылардың толық кестесі

Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында 15 ақпанда Қазақстан құрамасының спортшылары төрт спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жарыс күнін тау шаңғысы спортынан әйелдер арасындағы гиганттық слаломда сынға түсетін Александра Скороходова ашады. Оның жарысы Астана уақытымен 14:00-де басталады. Одан кейін сағат 14:30-да фристайл-могулдан Павел Колмаков өнер көрсетеді.

Сағат 15:15-те биатлоннан 12,5 шақырымдық із кесу жарысында Владислав Киреевке жанкүйер боламыз. Ал кешкі бағдарламада конькимен жүгіру спортынан әйелдер арасында 500 метрге жарыс өтеді. Бұл сында Қазақстан намысын Арина Ильященко мен Кристина Силаева қорғайды. Жарыс 21:03-те басталады.

Спорттық бәсекелерді «Qazsport» және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жеңісінен кейін Қазақстан бір алтын медальмен жалпы есепте Бразилия және Ұлыбританиямен 15-17 орындарды бөлісіп тұр. Қазіргі уақытта медальдар кестесінде Норвегия көш бастап тұр (20 медаль, оның 10-ы алтын). Екінші орында – Олимпиада қожайындары Италия (18 медаль, 6 алтын), ал үздік үштікті АҚШ құрамасы (17 медаль, 5 алтын) түйіндеп тұр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…