Categories Ақорда

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталады

Кандидаттарға қойылатын талаптар:
— жасы 35-тен аспауы,
— жоғары білімінің болуы,
— бес жылдан кем емес еңбек өтілі;
— қазақ тілін меңгеруі В1 деңгейінен төмен емес болуы.
Іріктеуге Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, «А» корпусының мемлекеттік қызметшілері мен бұған дейін резервке алынған азаматтар қатыса алмайды.
Іріктеу 6 кезеңнен тұрады:
1. Құжат қабылдау — 1 маусымнан бастап арнайы онлайн платформада (1 ай көлемінде);
2. Тест тапсырмалары — мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілеті (тамыз айының 2-3 және 9-10 күндері);
3. Ситуациялық эссе жазу — нақты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар (16-17 тамыз);
4. Құзыреттерді бағалау — ассессмент-орталық және HR-сұхбат (22 тамыз — 28 қыркүйек аралығы);
5. Сараптамалық комиссиямен әңгімелесу — 8–15 қазан;
6. Ұлттық комиссияның шешімі — үздік 50 кандидат қазан айының соңына дейін резервке қабылданады.
Қатысуға өтінімді pkrezerv.gov.kz сайтында 1 – 30 маусым аралығында беруге болады.
Анықтама телефондары: 8(7112) 50-92-82, 50-02-81.
Нравится

Комментировать
Поделиться

Ұқсас жазбалар

Alatau City – Қазақстандағы алғашқы цифрлық қала болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 10 күннің ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын…

Тоқаев: «Толық емес отбасыларға берілген жеңілдік – ажырасуды көбейтті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әлеуметтік саладағы қателіктерді сынға алды. Оның айтуынша, кезінде қабылданған кейбір…

Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын 8 қыркүйекте жасайды

  Бұл туралы ресми түрде «Ақорда» хабарлады. Президенттің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауы Парламент палаталарының бірлескен…