Categories Жайық news

Ақтауда дәрігерлер қанаты сынған аққуға күрделі ота жасады

Ақтау қаласындағы ветеринарлар қанаты сынып, ауыр халде жатқан аққудың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Дәрігерлердің айтуынша, емханаға жеткізілген кезде аққудың жағдайы өте ауыр болған. Оның сол қанатының сүйегі ашық сынып, екі тәуліктен астам уақыт бойы қан тоқтамаған.

«Құс екі тәуліктен астам қансыраған. Әр сағат маңызды болды. Біз қысқа мерзімде оның жағдайын тұрақтандырып, отаға дайындықты бастадық. Бұл – ересек, жабайы құс. Ол өте күшті, агрессивті және қатты күйзелісте болды. Мұндай жануарлармен жұмыс істеу әрқашан үлкен тәуекелді талап етеді», – дейді дәрігерлер.

Мамандардың сөзінше, газбен наркоз беретін құрылғының болмауы істі айтарлықтай қиындатқан. Сондықтан олар өз тәжірибесі мен шетелдік орнитологтардың кеңестеріне сүйеніп, барлық жауапкершілікті өз мойнына алған.

Ота сәтті өтіп, сынған жерге сыртқы фиксатор салынды. Алайда жараны толық жабу үшін жұмсақ тіндердің жетіспеушілігі секілді қиындықтар туындаған. Ендігі басты міндет – аққуды тыныш әрі құрғақ жерде ұстап, тігістерін үнемі өңдеп, күйзеліске түсірмеу.

Емхана өкілдері бұл көмекті өз бастамаларымен көрсеткенін және барлық шығынды мекеме өз мойнына алғанын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

АҚШ Иранға соққы берудің үш жолын қарастыруда: Трамп соңғы ескертуін жасады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға келісімге келуге аз уақыт қалғанын ескертті. Ақ үй соққы жасаудың…

Иранның төрт қаласында бір мезгілде жарылыс болды: Бұл теракт болуы мүмкін бе?

Иранның Тегеран, Бандар Аббас, Ахваз және Тебриз қалаларында бір уақытта бірнеше жарылыс болып, адамдар қаза…

Judge signing documents at desk with focus on gavel, representing law and justice.

Израильдегі даулы заң жобасы: «Бұл – нәсілге негізделген өлім жазасы»

Израильде 7 қазандағы шабуылдан кейін лаңкестік үшін сотталған палестиналықтарға өлім жазасын енгізу туралы заң жобасы…