Categories Жайық news

Жаңаөзендегі жан түршігерлік оқиға: 29 жастағы дәрігерді не үшін 21 рет пышақтаған?

Жаңаөзен қалалық ауруханасында 29 жастағы терапевт Нұрдәулет Аманғалиев өз жұмыс орнында қатыгездікпен өлтірілді. Дәрігердің денесіне 21 рет пышақ салған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғадан соң дәрігерге көмек көрсету үшін Ақтаудан санавиация мамандары шұғыл жеткен. Алайда мойын, кеуде және қол тұсынан аса ауыр жарақат алған Нұрдәулет Аманғалиев көп қан жоғалтып, жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Марқұмның туыстары бұл жантүршігерлік қылмысқа қызғаныш себеп болғанын алға тартады. Олардың айтуынша, күдіктінің әйелі сол ауруханада медбике болып жұмыс істеген.

«Біз кінәлінің ең қатаң жазаға тартылуын талап етеміз. Нұрдәулеттің артында көз жасы көл болып аңыраған әке-шешесі, жары мен екі кішкентай перзенті – ұлы мен қызы қалды», – дейді марқұмның жақындары.

Бүкіл қаланы дүр сілкіндірген бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қар аралас жаңбыр, көктайғақ: Қазақстанда ақпанның басында күн райы қандай болады?

Синоптиктер ақпан айының алғашқы күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде қар жауып,…

Тоқаев бизнеске үндеу тастады: Халыққа қамқор болу – парыз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында отандық бизнеске үндеу жасап, кәсіпкерлерді әлеуметтік жауапкершілікке шақырды.

Әскери кафедраға құжат тапсыру оңайлады: Қазақстанда жаңа қызмет іске қосылды

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап жоғары оқу орындарының әскери кафедраларына құжаттар eGov.kz порталы арқылы электронды түрде…