Categories Жайық news

Қазақстан 1995 жылғы Конституциямен қош айтыса ма?

Қазақстанда 1995 жылғы Конституцияның орнына толықтай жаңа Ата заң қабылдануы мүмкін. Комиссия мүшелерінің пікірінше, өзгерістер ауқымы тым үлкен болғандықтан, түзету енгізудің орнына жаңа құжат әзірлеген жөн, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Конституциялық комиссия мүшелері Негізгі заңға жекелеген түзетулер енгізудің орнына, оның мүлдем жаңа мәтінін қабылдауды ұсынып отыр. Олардың пайымдауынша, ұсынылған өзгерістер мемлекеттік құрылым архитектурасын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кепілдендіру жүйесін түбегейлі қайта қарауды талап етеді.

«Кешенді өзгерістердің мұндай деңгейі бізді жекелеген түзетулер сериясына емес, жаңа мәтін қабылдау қажеттігіне алып келеді. Бұл логика “Құқықтық актілер туралы” заңның 26-бабынан да туындайды. Ол нормативтік құжатқа енгізілетін өзгерістердің ауқымын ескеруді талап етеді», — деді комиссия мүшесі Дания Еспаева.

Оның айтуынша, комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскен, олар қолданыстағы Конституция нормаларының жартысынан астамын қамтиды. Заң талабы бойынша, нормативтік акті мәтінінің жартысынан астамы өзгерген жағдайда, оның жаңа редакциясы қабылдануы тиіс.

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституцияда өмір сүру құқығы мен өлім жазасына тыйым салуды нақты бекітуді ұсынды.

«Әділетті мемлекет тек қатысу институттарының сапасымен ғана емес, сонымен бірге адамның негізгі құқықтарын конституциялық қорғау деңгейімен де өлшенеді. “Өмір сүру құқығы – абсолютті және ажырамас құқық. Өлім жазасына тыйым салынады” деп бекітуді ұсынамын. Бұл Әділетті Қазақстан қағидатына нақты мазмұн береді», — деді депутат.

Бұл идеяны Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев та қолдады.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева неке және отбасы институтын нығайтатын нормаларды Ата заңда бекіту қажет деп санайды. Оның ойынша, неке — мемлекет тіркеген еркек пен әйелдің ерікті және тең құқылы одағы ретінде көрсетілуі керек. Ал экономист Жақсыбек Күлекеев білім мен тәрбиенің зайырлы сипатын Конституцияда растау керегін айтты.

Депутат Айдос Сарым парламентті пропорционалды жүйе бойынша құрудың артықшылықтарын атап өтті. Ол бұл жүйе партиялардың нақты қолдауын көрсетіп, азаматтардың саясатқа қатысуын арттыратынын және қоғамдағы әртүрлілікті, соның ішінде әйелдер, жастар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүддесін ескеруге мүмкіндік беретінін жеткізді. Мұндай жүйе Бельгия, Швеция, Аргентина, Израиль және Индонезия сияқты елдерде сәтті жұмыс істеп тұр.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң және тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарын Конституцияда бекітудің маңызды екенін атап өтті. Сарапшы Ғазиз Әбішевтің болжауынша, референдумның өтетін уақыты мен нәтижесіне байланысты Конституция күнінің датасы да өзгеруі мүмкін.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қытайда ірі алаяқтық пен кісі өлтіруге барған синдикаттың 11 мүшесі дарға асылды

Қытайда 1,4 млрд доллардан астам қаржы жымқырып, 14 адамның өліміне себепкер болған қылмыстық топтың 11…

European Union flag with missing stars representing Brexit concept.

Иран сақшылары корпусы: «Өз азаматтарын өлтірген режим құрдымға кетеді»

Еуроодақ Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусын террористік ұйым деп танып, елдегі наразылықты басқаны үшін жаңа…

Close-up of a police officer handcuffing a suspect outdoors, enforcing law.

Түркістандағы жанжал: 18 жастағы қызды зорлады деген үш полицей жұмыстан қуылды

Түркістан облысында 18 жастағы қызды зорлады деп айыпталған үш полиция қызметкері жұмыстан босатылды. ІІМ оларға…