Categories Жайық news

ChatGPT енді жасыңызды анықтайды: 18-ге толмағандарға не көрсетілмейді?

OpenAI компаниясы ChatGPT нейрожүйесіне пайдаланушының жасын анықтайтын жаңа функция енгізді. Егер жүйе қолданушының 18 жасқа толмағанына күмәнданса, онда күшейтілген сүзгілер автоматты түрде іске қосылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

ChatGPT пайдаланушының мінез-құлқын, яғни белсенділік уақытын, аккаунтының ашылған мерзімін, қолдану стиліндегі өзгерістерді, тіркелу кезінде көрсетілген жасын және басқа да белгілерді талдайды.

Шектеуге зорлық-зомбылық, қауіпті челлендждер, романтика мен эротика, дене мүшесіне зақым келтіру, зиянды диеталарды насихаттау, сұлулықтың қатаң стандарттары және бодишеймингке қатысты контент жатады.

«Егер сәл де болса күмән туындаса, контентке қолжетімділік шектеледі. Яғни, деректер толық болмаған немесе бір-біріне қайшы келген жағдайда, нейрожүйе пайдаланушыны жасөспірім деп есептейді», — делінген OpenAI хабарламасында.

Егер кәмелетке толған адам қателесіп, жасөспірімдер қатарына қосылып кетсе, Persona жеке басты верификациялау сервисі арқылы фотосуретпен өз жасын растай алады. Компания өкілдері тексерудің көп уақыт алмайтынына уәде берді.

Жасты болжау жүйесі – нейрожүйенің «ересектерге арналған режимін» іске қосуға дайындықтың бір бөлігі екені айтылады.

Жақында Илон Маск OpenAI негізін қалаушы Сэм Альтманды сотқа берген болатын. Маск оны алдап соқты деп айыптайды.

Фото: Freepik.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…