Categories Жайық news

Данияр Әшімбаев: Биліктің жаңа комбинациясы басқарылмайтын наразылыққа әкелуі мүмкін

Белгілі саясаттанушы Данияр Әшімбаев президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты жаңа реформалардың астарында не жатқанын талдады. Оның пікірінше, вице-президент лауазымын қайтару – билік транзитін бақылауда ұстау үшін жасалған қадам, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сарапшы президенттік мерзімнің тарихына қысқаша тоқталды. Бастапқыда (1990 ж.) президент 5 жылдан екі мерзімге сайлана алатын еді. Бұл норма 1993 және 1995 жылғы конституцияларда қайталанды. 1998 жылы 5 жылдық мерзім 7 жылға, ал 2007 жылы қайтадан 5 жылға ауыстырылды.

2022 жылғы маусымдағы референдумда президенттің өкілеттік мерзіміне қатысты өзгеріс болған жоқ. Алайда сол жылдың қыркүйегінде бұл норма референдумсыз бір реттік 7 жылдық мерзімге өзгертілді. 20 қарашада мерзімінен бұрын сайлау өтіп, қазіргі президенттің өкілеттігі 2029 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Бірақ Конституцияның 41-бабына сәйкес, кезекті сайлау 2028 жылдың желтоқсанында өтуі керек.

«Қазіргі реформаның бір мәні – маневр жасауға мүмкіндік тудыру болған сияқты. Алайда президент бұл процесті жеделдетіп, вице-президент лауазымын қайтару идеясын айтты. Конституция жаңартылса, президенттің өкілеттік мерзімін «нөлге теңестіру» туралы көпшілік күткен идея айтылған жоқ», – дейді Әшімбаев.

Саясаттанушының ойынша, Тоқаевтың алдағы уақытта биліктен кететін ойы жоқ және ол өзінің тарихи миссиясына сенеді.

«Вице-президент лауазымының (сайланатын емес, тағайындалатын) пайда болуы – президенттің билік сабақтастығын өз қолында ұстағысы келетінін көрсетеді. Ол спикерге немесе премьер-министрге мұндай мүмкіндік туралы ойлауға жол бергісі келмейді», – деп түсіндірді сарапшы.

Әшімбаев бұл саяси ойындардың елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуал күрделі кезеңде өтіп жатқанына назар аударады.

«Бұл комбинацияның бәрі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай оңып тұрған кезде жасалып жатқан жоқ. Елде оппозиция да, балама күшті лидерлер де жоқ. Бірақ реформа онсыз да шеттетілген көптеген адамды тағы да тыс қалдырады. Сонымен қатар, халықтың іштегі буын шығаратын тетігінің болмауы кездейсоқ, басқарылмайтын наразылықтарға жол ашуы мүмкін. Бұл жайтты міндетті түрде ескеру қажет», – деп ескертті ол.

Ұқсас жазбалар

Ата заңды өзгерту үшін: Тоқаев арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Тоқаев Ата заңды өзгерту үшін арнайы комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл –…

Марк Карни: «Әлемдік тәртіптің әдемі ертегісі аяқталды»

Белгілі қаржыгер Марк Карни Давостағы форумда әлемдік тәртіптің «ертегісі аяқталғанын» мәлімдеп, елдерді жаңа шындыққа дайындалуға…

Ресей мен Беларусь көліктеріне салық өседі: Утиль алымы екі есеге қымбаттауы мүмкін

ҚР Өнеркәсіп министрлігі Ресей мен Беларусьтан әкелінетін көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасы үшін утиль алымын…