Categories Жайық news

Тоқаев Қызылордада V Ұлттық құрылтайды бастады: Күн тәртібінде не бар?

Қызылорда қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» тақырыбындағы V Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сыр елінде өтіп жатқан алқалы жиынға Ұлттық құрылтай мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам белсенділері мен сарапшылар қатысып жатыр.

Бұл – Түркістан, Семей және Атырау қалаларынан кейін өткізіліп отырған бесінші құрылтай. Биылғы жиынның негізгі мақсаты – қоғамдық құндылықтарды жаңғырту, ұлттық бірегейлікті нығайту және еліміздің алдағы даму бағыттарын талқылау.

Күн тәртібінде қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзекті мәселелер қаралады деп күтілуде. Мемлекет басшысы жиын барысында бірқатар маңызды бастама көтеріп, нақты тапсырмалар береді деп жоспарланған.

Фото: Ақорда

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…