Categories Жайық news

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Іс бойынша қосымша сараптама тағайындалды

Допинг дауына іліккен боксшы Жәнібек Әлімханұлының ісіне қатысты қосымша сараптама тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков растады. Оның айтуынша, іс бойынша өткен алғашқы тыңдау тек алдын ала танысу сипатында болған.

«Бірінші тыңдауда іс материалдары мен рәсімдер тексерілді, бірақ түпкілікті қорытынды жасалған жоқ. Бұл мәселе бойынша жеке медициналық және құқықтық бағалау жүргізу қажет», – деді федерация басшысы.

Осыған байланысты істі қайта қарау отырысы 23 қаңтарға белгіленді.

Федерация өкілдері допинг-сынамадан оң нәтиже шығуы спортшының қасақана әрекет еткенін бірден дәлелдемейтінін атап өтті. Соңғы шешім барлық тексеріс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана қабылданады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…