Categories Жайық news

Иран әскері шабуылға дайын: Ұлыбритания Тегерандағы елшілігін жапты

Иран әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштерін жоғары дайындыққа келтірген соң, Ұлыбритания Тегерандағы елшілігін жауып, дипломаттарын шұғыл эвакуациялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар Иран билігі Ислам революциясы сақшылар корпусының Әуе-ғарыш күштерін де жоғары дайындыққа келтіріп, азаматтық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін жабатыны туралы ресми хабарлама (NOTAM) таратты.

Осы уақытта АҚШ та Катардағы Әл-Удейд авиабазасындағы қызметкерлер санын азайта бастады.

Әл-Удейд – Американың Таяу Шығыстағы ең маңызды әскери базаларының бірі саналады. Бұл нысанда 10 мыңға жуық әскери және азаматтық қызметкер тұрақты түрде орналасқан.

Иран билігі бұған дейін АҚШ тарапынан шабуыл болған жағдайда, аймақтағы америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеген.

Ұқсас жазбалар

ХҒС-та төтенше жағдай: SpaceX кемесі астронавтың ауруына байланысты шұғыл Жерге оралуда

SpaceX-тің Crew Dragon кемесі экипаж мүшесінің денсаулығына байланысты Халықаралық ғарыш станциясынан шұғыл түрде Жерге қайтып…

Aerial view of the Alyosha statue in Murmansk, Russia, covered in winter snow.

Арктикадағы текетірес: Дания Гренландияға одақтастарымен бірге әскер кіргізеді

Дания Арктикадағы геосаяси шиеленістің артуына байланысты Гренландиядағы әскери күшін кеңейтетінін мәлімдеді. Бұл шешімге Швеция да…

Wind turbines generating renewable energy in a vast open field under a clear sky.

Зеленский мәлімдеме жасады: Елдегі энергетика саласының жағдайы өте ауыр

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің жаппай соққыларынан кейін елдің энергетика саласында төтенше жағдай режимі енгізілетінін…