Categories Жайық news

ҚМГ растады: Қазақ мұнайын таситын танкерге дронмен шабуыл жасалды

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Каспий құбыр консорциумының терминалы маңында қазақстандық мұнай таситын танкерге дрон шабуылы жасалғанын растады. Бұл кемені ҚМГ-ның еншілес компаниясы жалдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Шабуылға ұшыраған MATILDA танкерін «ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясы – «Қазтеңізкөлікфлоты» жалдаған. 13 қаңтарда танкерге ұшқышсыз ұшу аппаратымен шабуыл жасалып, салдарынан жарылыс болған. Алайда, артынан өрт шыққан жоқ.

«Экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алдын ала бағалау бойынша, кеме жүзуге жарамды, бастапқы тексеру кезінде күрделі құрылымдық зақым белгілері анықталмады. Қазір келтірілген шығын көлемі бағаланып жатыр», – делінген «ҚазМұнайГаз» таратқан хабарламада.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…