Categories Жайық news

Түркістандағы сұмдық оқиға: Әкесін азаптап өлтірген ұлының әйеліне қатысты іс тоқтатылды

Түркістан облысында қарт әкесін аяусыз соққыға жығып, өліміне себепкер болған 41 жастағы Алмас Садақбаевтың ісі сотта қаралып жатыр. Күдікті өз кінәсін толық мойындаса, оның жұбайына қатысты қылмыстық іс дәлелдің жоқтығынан тоқтатылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жетісай аудандық сотында өткен отырыста қарияның ұлынан таяқ жеген сәттері түсірілген видеожазба көрсетілді. Кадрлардан айыпталушының әйелін де байқауға болады.

Сот-медициналық сараптама қорытындысы марқұмның қалай азапталғанын айғақтайды. Оның мұрны мен бірнеше қабырғасы сынған, денесінде көптеген жарақат ізі болған.

Бүгінгі сот процесінде айыпталушының жұбайына қатысты «Ұрып-соғу» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің дәлелдердің жеткіліксіздігіне байланысты тоқтатылғаны белгілі болды.

Айта кетерлігі, айыпталушының кәмелетке толмаған екі баласының болуы жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырылуы мүмкін.

«Садақбаевтың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тағайындалған сараптамалармен, сот-медициналық қорытындылармен және куәлардың айғақтарымен дәлелденді. Садақбаев өз кінәсін толық мойындады», – деді прокурор Нұрмахан Елшібаев.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

«Бәрі жоспарланған»: Атырауда жоғалған отбасы Өзбекстаннан табылуы мүмкін

Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен отбасы Өзбекстанға асқан болуы мүмкін. Туыстары олардың бұл әрекетті…

Detailed image of the American flag showcasing the stars and stripes symbolizing USA's patriotism and pride.

Трамп Иранға соққы беруді қарастыруда: Бірнеше нұсқа үстелде жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Ирандағы наразылықтарға байланысты Тегеранға әскери соққы жасау мүмкіндігін қарастыруда. Оған бірнеше…

Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: тағдыры шешілетін күн белгілі болды

IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты тыңдау өтетін күн…