Categories Жайық news

Қазақстанда фискалдық чектерге кешбэк төлеу жобасы тағы бір жылға ұзартылды

Қазақстанның 12 облысында фискалдық чектер бойынша кешбэк төлеу жобасы 2025 жылға дейін жалғасады. Мемлекеттік кірістер комитеті бұл пилоттық жоба азаматтардың қолма-қол ақшасыз төлем жасауын ынталандырып, көлеңкелі экономиканы азайтуға бағытталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Salyq кешбэк» жобасы 2024 жылы оң нәтиже көрсеткен: пайдаланушылар сканерлеген чектердің саны 26%-ке, ал жалпы сома 32%-ке артқан. Жыл ішінде азаматтар 573 937 чекті сканерлеп, олардың жалпы құны 7,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл ретте берілген кешбэктің жалпы сомасы 152 миллион теңгені құрады.

«Жоба қазіргі таңда 12 облыстағы 48 ауданды қамтып отыр. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Батыс және Солтүстік Қазақстан, сондай-ақ Жетісу мен Ұлытау облыстары бар», – деді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Жобаға кез келген азамат қатыса алады. Ол үшін тауар не қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алып, оның штрихкодын Amian мобильді қосымшасы арқылы сканерлеу қажет. Қосымшаны App Store мен Google Play арқылы тегін жүктеп алуға болады. Әрбір сатып алудан 2% көлемінде кешбэк беріледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

АҚШ Сенаты Трамптың Венесуэлаға қарсы соғыс қимылын шектеуі мүмкін қарарды қабылдады

АҚШ Сенаты Конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға қарсы әскери қимылға бармауды міндеттейтін қарарды мақұлдады: 52–47.

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: Әскерилеріміз өздерін қорғай алады

Ұлыбритания Ресей ескертуіне жауап берді: британ әскерилері Украинада өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге құқылы.

Rusted Pertamina oil barrels in an industrial waste area outdoors in Jakarta, Indonesia.

Венесуэла ықпалын арттырды: Әлемдік мұнай бағасы қай бағытта өзгереді?

АҚШ Венесуэла мұнайын бақылауға алды. Бұл мұнай бағасына қалай әсер етеді және Қазақстан үшін қандай…