Categories Жайық news

Ақмола және Қостанай бағыттарындағы республикалық жолдар жабылды

6 қаңтар күні таңғы сағат 8:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар республикалық тас жолдарда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, «Жақсы — Есіл — Бузулук» жолының Жақсы мен Ақсай ауылдарының арасындағы 0–71 шақырымдық бөлігі жабылды. Сонымен қатар, «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — Ресей шекарасы» бағыты бойынша Атбасар мен Жақсы аралығындағы 915–1002 шақырымда қозғалыс тоқтатылды.

Ал «ҚазАвтоЖол» мекемесінің мәліметінше, боран мен көру мүмкіндігінің 50 метрге дейін төмендеуіне байланысты тағы бір республикалық маңыздағы жолда қозғалыс тоқтады. Таңғы 08:15-тен бастап келесі бағытта көліктерге жүруге тыйым салынды:

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 337–552 шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Сурған ауылы).

«Қарлы боран мен желдің күшеюі жолдарды жабуға мәжбүр етті. Жолаушылар мен жүргізушілерден қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз», – деді «ҚазАвтоЖол» өкілі.

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…