Categories Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы қорытынды бойынша елорданың өңірлік жалпы өнім көлемі 34 миллиард доллар болатынын айтты,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

«Қазір Астана қарқынды өсіп келеді. Түрлі бағыт бойынша белсенді жұмыс істеліп жатыр.

Бүгін елорданы дамытудың өзекті мәселелерін талқылаймыз.

Соңғы 11 айда қысқа мерзімге арналған экономикалық индикатор 118,6 пайызға жетті. Инвестиция, құрылыс, шағын және орта бизнес саласындағы көрсеткіштер бойынша Астана алдыңғы орында тұр.

Елорданың көш басында болуы – заңдылық.

Биыл елордадағы тұрғын үй құрылысы 5 миллионға жуық шаршы метрді құрайды. Бұл елімізде пайдалануға берілген баспананың төрттен бірі және Орталық Азия аймағындағы басқа астаналардың көрсеткіштерінен бірнеше есе артық.

Өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі 2025 жылдың 11 айында 2,8 триллион теңгеге жетіп, 7,2 пайыз өсті. Яғни 6 миллиард доллар шамасында.

Биылғы 11 айда сауда көлемі 10,8 триллион теңгеден асып, 8,4 пайыз өсім көрсеткен Бұл –шамамен 22,5 миллиард доллар. Маған берілген мәлімет бойынша, қала бюджетіне 4,3 триллион теңге салық түскен. Мұны қомақты қаржы деуге болады.

Астананың 2024 жылғы өңірлік жалпы өнім көлемі 15 триллион теңгеден сәл асты. Бұл – 32 миллиард доллар. Биылғы қорытынды бойынша 34, тіпті, 35 миллиард доллар (17 триллион теңге немесе одан да жоғары) болады деп күтілуде. Ал қаладағы халықтың ресми саны 1,6 миллион адамға жеткен».

Ұқсас жазбалар

Президент Алатау қаласын дамытуды маңызды міндет деп санайды

Мемлекет басшысы Алатау қаласын дамытуды тағы бір маңызды міндет ретінде атады. Алатау әлемдік деңгейдегі арнаулы…

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

✔️Президент жасанды интеллект жаһандық дамудың қозғаушы күшіне айналады деп санайды. – Мемлекеттің инвестициялық саясатында жасанды…

Астанада Конституция аллеясы салтанатты түрде ашылды

Астанада Конституция аллеясы пайдалануға берілді. Жаңа нысан Мәңгілік Ел даңғылы бойында, Президенттің Мемлекеттік архиві мен…