Categories Жайық news

Оралда Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті

 

Орал қаласында екі елдің серіктестігін нығайтуға бағытталған Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы жалғасып жатыр. Форум аясында биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылды.

Көрмеге отандық ірі кәсіпорындар, жергілікті өндіріс орындары және облыстың 14 колледжі қатысып, заманауи технологиялар мен жасанды интеллект негізінде әзірленген стартап жобаларын таныстырды. Экспозициялар цифрландыру, энергетика, көлік-логистика және ауыл шаруашылығы салаларын қамтыды.

Бүгін түстен кейін форумның екінші күнгі жалпы отырысы өтпек. Онда Қазақстан мен Ресей басшылары бейнебайланыс арқылы үн қатып, екіжақты серіктестіктің өзекті бағыттарын талқылайды. Кездесудің қорытындысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің айтуынша, форум аясындағы көрме өңір колледждері мен кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
– Бұл іс-шара студенттер үшін тәжірибе алмасуға, өндіріс орындарымен тікелей байланыс орнатуға үлкен жол ашады. Дуальді оқыту жүйесі арқылы жастар кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алып отыр, – деді өңір басшысы.

Сурет: Орал қ. әкімдігі

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…