Kaspi Alaqan: ыңғайлылық па, әлде бақылаудың жаңа дәуірі ме?

Kaspi.kz биыл тағы да өз технологиялық жаңалығымен ел назарын аудартты. Компанияның негізін қалаушы Михаил Ломтадзе таныстырған Kaspi Alaqan – енді сатып алу кезінде карта да, телефон да қажет емес, тек алақаныңды сканерлеу жеткілікті. Бұл жаңашылдық алғашқыда «заманауи болашақ келді» деген әсер қалдырды. Бірақ болашақтың әрдайым қауіпсіз бола бермейтіні бар.

UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов сахнада «қол төлемін» жасап, 42 900 теңгелік массажерді 99 теңгеге алған сәт көрерменнің қошеметіне бөленді. Бұл — маркетинг тұрғысынан мінсіз қойылым. Дегенмен қоғамда Kaspi-дің жаңа бастамасы тек ыңғайлылықтың емес, бақылау технологиясының да белгісі болуы мүмкін деген пікірлер күшейіп келеді.

Бір сәт ойланайық, адамның биометриялық деректері — яғни саусақ ізі, беті, алақаны — ең құнды жеке мәліметтердің бірі. Ал енді сол деректер банктің серверлеріне сеніп тапсырылмақ. Kaspi-дің инфрақұрылымы сенімді болса да, мұндай деректердің қауіпсіздігі туралы нақты заңдық кепіл бар ма?

 

Kaspi бүгін тек қаржы ұйымы емес, халықтың күнделікті өмірін толық бақылауда ұстайтын экожүйеге айналды: төлем, кредит, жеткізу, билет, тіпті мемлекеттік қызметтер. Енді оған адамның дене деректері қосылса — бұл компания экономикалық монополиядан цифрлық үстемдікке қарай қадам жасады деген сөз.

Ыңғайлылық әрдайым еркіндіктен қымбат болмауы тиіс. Kaspi Alaqan – уақыт үнемдейтін шешім болуы мүмкін, бірақ егер қоғам деректердің қалай сақталатынын, кімнің қолында екенін және қалай пайдаланылатынын білмесе, бұл «жылдам төлем» ертең «жылдам бақылауға» айналуы ғажап емес.

Kaspi қолды оқиды, ал біз кімге қол соғып тұрмыз – соны ұмытпайық.

Ұқсас жазбалар

Бұрынғы әкім хатшысы һәм Amanat-тың экс-қызметкері Арай Есенбек 10 миллион теңге бопсалағаны үшін ұсталды

Шымкентте танымал журналист әрі блогер, бұрынғы мемлекеттік қызметкер Арай Есенбекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол…

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Премьер-министр Олжас Бектенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдің өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын,…

Оралда Қазақстан мен Ресей форумына дайындық басталды

Премьер-министрдің жұмыс сапары барысында үкімет басшысы Орал қаласында 11–12 қарашада өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI…