Categories Жайық news

БҚО-ның Қытайдағы алғашқы инвестициялық өкілдігі ашылды

 

Батыс Қазақстан облысы халықаралық әріптестікті жаңа деңгейге көтерді. Қытайдың Нанкин қаласында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының инвестиция және сауда өкілдігі жұмысын бастады. Бұл – өңірлік деңгейде ашылған алғашқы шетелдік өкілдік. Оның мақсаты – Ақжайық кәсіпкерлері мен қытайлық инвесторлар арасындағы байланысқа тікелей жол ашу.

Ашылу рәсіміне БҚО әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация қатысты. Шара Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен өтті. Жаңа құрылым инвесторларға аймақтың мүмкіндіктерін таныстырып, жобаларды жедел жүзеге асыруға ықпал етпек.

SOHO компаниясының өкілі Ву Цюнь Юй бастаманы «қос тарапты байланыстыратын алтын көпір» деп атап, оның стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, енді ақпарат алмасу жылдамдап, жобалар іске асырылу мерзімі қысқарады.

Кеңсенің ашылуынан кейін қытайлық кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, екі ірі өндірістік жобаға қызығушылық білдірілді: қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты және киік мүйізінен дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорын.

Аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Цзянсу провинциясымен серіктестік өзара сенімге негізделгенін айтып, «туындайтын мәселелерді жеке бақылауда ұстаймын» деп сендірді.

Бұл бастама арқылы Ақжайық өңірі жаңа инвестициялар тартып қана қоймай, экология, фармацевтика және өндіріс салаларында тың жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Ұқсас жазбалар

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…

В Уральске в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» проведены разъяснительные работы

Фото:Акимат г. Уральск Сегодня в областном центре Западно-Казахстанской области — городе Уральск — в рамках…

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…