Categories Жайық news

Ақтөбе облысында газдандыру қарқынды жүріп жатыр

Ақтөбе облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Облыс әкімдігі мен энергетика басқармасының мәліметінше, биылдың басынан бері 16 елді мекен газға қосылған. Жыл соңына дейін тағы 12 ауылға газ құбырын тарту жоспарланып отыр.

Бүгін Мәртөк ауданындағы Бөрте, Қызылжар және Шевченко ауылдарына алғаш рет табиғи газ берілді. Бұл – шамамен 1000-ға жуық тұрғын үшін көптен күткен қуаныш. Жергілікті халықтың айтуынша, енді олар қатты отын сатып алып, көмір жағып әуре болмайды. Газдың келуі тұрмыс сапасын едәуір жақсартып, экологияға да оң әсерін тигізбек.

Облыс әкімдігі жобаның кезең-кезеңімен іске асатынын атап өтті. Келесі кезекте аудандағы басқа елді мекендерге де газ құбырын тарту жоспарланып отыр.

 

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…