Categories Жайық news

Атырау әкімі Шәкір Кейкин Алмалы округі тұрғындарымен кездесті

Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин Алмалы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылады.

Жиында қала басшысы алдымен округте атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, негізгі жобалардың барысын түсіндірді. Кейін тұрғындар жаяу жүргіншілер жолдарын төсеу, қоғамдық көліктерді көбейту, денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту, ауылды абаттандыру және жазғы су желісіне қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Шәкір Кейкин әр ұсыныстың заң аясында кезең-кезеңімен қарастырылып, шешімін табатынын атап өтті. Кездесу Алмалы ауылдық округі әкімдігінің ресми әлеуметтік желі парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

сурет: Атырау әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Депутат Roblox ойынының қаупі туралы дабыл қақты: Балаларға қандай қатер төніп тұр?

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ балалар арасында танымал Roblox ойынының қауіпті екенін айтып, оның ықпалын тексеруді…

Үкімет бұғаттаған: Илон Маск Иран халқына Starlink интернетін тегін қосты

Илон Масктың SpaceX компаниясы Иран билігі интернетті бұғаттаған тұста халыққа Starlink желісін тегін пайдалануға мүмкіндік…

Көзді «соқыр» ететін шамдарға тыйым салына ма? Депутат дабыл қақты

Мәжіліс депутаты көзді қарықтыратын LED-шамдарды заңсыз орнатуға тыйым салуды ұсынды. Оның айтуынша, мұндай шамдар жол…