TikTok тағдыры: АҚШ пен Қытай мәмілеге келді

АҚШ пен Қытай TikTok әлеуметтік желісінің болашағына қатысты алдын ала ортақ келісімге қол жеткізді. Құжатты ресми түрде осы жұма күні Дональд Трамп пен Си Цзиньпин телефон арқылы бекітеді деп күтілуде.

АҚШ Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін белгіленген 17 қыркүйекке дейінгі мерзім тағы 90 күнге ұзартылуы мүмкін.

Естеріңізде болса, 2024 жылы сол кездегі президент Джо Байден TikTok-ты сату немесе АҚШ аумағында мүлде жабу жөніндегі заңға қол қойған еді. Ал билікке қайта келген Дональд Трамп бұл шешімнің күшін уақытша тоқтатып, платформаны бұғаттауды кейінге қалдырған.

Осылайша, әлемдегі ең ірі әлеуметтік желілердің бірі тағы да үлкен саясаттың ойыншығына айналып отыр.

Ұқсас жазбалар

Барлығына мұғалім кінәлі, ал қалғандары періште ме?

Қазіргі мектепте қайталана беретін бір көрініс бар: сабақта шулаған оқушыға «баламның мінезі сондай» деп ақталатын…

Түркістан облысында үш ағайынды ақыл-есі кем туысын зорлағаны үшін сотталды

Түркістан облысында өз туысын қорлаған екі ағайындыға сот үкімі шықты. Оларға бірнеше бап бойынша айып…

«Шындықты айтқаным үшін сотқа берді»: Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев мәлімдеме жасады

Aктриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев желіде экс-әйеліне қатысты мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, Бадықова…