Categories Жайық news

Жұмыссыз қазақстандықтарға SMS арқылы жұмыс ұсынылады

Қазақстанда ауыр жағдайға тап болған жұмыссыз азаматтарға енді еңбекке орналастыру туралы SMS-хабарлама жолданады, деп хабарлайды ZhaiyqMedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


Қанша қазақстандық жұмыссыз ретінде тіркелген?

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде елде 24 790 адам жұмыссыз ретінде тіркелген және олардың барлығы әлеуметтік тұрғыдан қиын жағдайда қалған азаматтар санатына жатады.


SMS-хабарлама мазмұны

Министрліктің хабарлауынша, жұмыссыздарға, соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарынан тыс аймақ тұрғындарына 1414 сервисінен SMS-хабарлама жіберіледі.
Онда ауыл шаруашылығы санағына қатысып, интервьюер ретінде жұмыс істеу ұсынысы болады.

Санақ 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында өтеді. Ол жеке сұхбат алу әдісімен жүргізіледі және арнайы переписчиктер тартылады.


Контекст

Еске сала кетсек, бұған дейін вице-министр Асқар Биахметов:

  • 2030 жылға дейін 3,3 млн адамды жұмыспен қамту міндеті тұрғанын айтқан;

  • Халық санының өсуіне байланысты еңбек нарығына жыл сайын жаңа жастардың көптеп шығатынын, 2035 жылға қарай олардың саны жылына 360 мыңға дейін жететінін болжаған.

Бұл еңбек нарығына қосымша салмақ түсірмек.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…