Categories Жайық news

Орал тұрғыны зейнетақысының аздығына шағымданып, сотта жеңіске жетті

Орал қаласының 65 жастағы тұрғыны зейнетақы мөлшерін қайта есептеу үшін сотқа жүгініп, өз пайдасына шешім шығартты. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс мән-жайы

Екі жыл бұрын азаматқа зейнетақы төлемі тағайындалған. Ол үшін 2020 жылдың мамыры мен 2023 жылдың сәуірі аралығындағы орташа айлық табыс есепке алынған. Кейін белгілі болғандай, оның жұмыс берушісі біраз уақыт бойы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті төлемдерді уақытылы аудармаған.

Зейнеткер зейнетақыны қайта есептеу туралы өтініш білдіргенімен, уәкілетті орган оның талабын қанағаттандырмай, бастапқы үшжылдық кезеңді өзі таңдағанын алға тартқан.

Сот шешімі

Алайда сот бұл уәжді қабылдамады. Бірінші инстанция соты талапкердің құқықтарының бұзылғанын растап, зейнетақыны қайта есептеуді міндеттеді.

— «Талапкер 20 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеген және толық көлемде жасына байланысты зейнетақы алуға құқылы. Жұмыс берушінің уақытылы аудармаған төлемдері оның құқығын шектеуге себеп болмауы тиіс. Уәкілетті орган талапкердің табысы мен аударымдары туралы деректерге ие бола отырып, зейнетақыны қайта есептеуден бас тартқан. Бұл азаматтың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзды», — делінген сот шешімінде.

Апелляциялық және Жоғарғы сот инстанциялары да осы ұйғарымды күшінде қалдырды.

Контекст

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа зейнетақы мөлшерлерін жариялаған болатын. 2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 143 529 теңгені құрады. Оның ішінде:

  • еңбек өтіліне байланысты төленетін зейнетақы — 95 912 теңге;

  • базалық зейнетақы — 47 617 теңге.

Ұқсас жазбалар

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды

Талғарда ер адамды мылтықпен атып өлтірген күдікті ұсталды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз. Талғар ауданында жас жігіт кісі…

БҚО жылыту маусымына дайындықты пысықтап жатыр

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланды. Кеңесті облыс әкімі Нариман Төреғалиев…

Alatau City – Қазақстандағы алғашқы цифрлық қала болмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке 10 күннің ішінде Алатау қаласына арнайы мәртебе беру туралы жарлық жобасын…