Categories Ақорда

Президент Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде әлемдегі жетекші телеарналардың бірімен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Президент Euronews-тің жаһандық медиа ретіндегі рөлін атап өтіп, оның оқиғаларды бейтарап жариялайтынын және көрерменге сенімді ақпарат беретінін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, телеарна 2024 жылы Астанада өңірлік кеңсесін ашқаннан бері Қазақстан мен Орталық Азияның саяси, экономикалық және мәдени өмірі туралы көбірек хабар тарата бастады. Президент Euronews-тің қазақ тілінде жаңалықтар беруді бастауын құптап, мұны өзара тиімді ынтымақтастықтың көрінісі деп атады.

Педро Варгас Давид медиа желінің қолданысына Орталық Азия халықтары арасынан алғаш рет қазақ тілі енгенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол қазақстандықтарды жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтап, Негізгі заңдағы қағидаттар мен құндылықтар ел басшылығының күшті әрі озық мемлекет құруға ұмтылысын көрсететінін жеткізді.

Тараптар Қазақстан Президентінің Брюссельге жасаған ресми сапарының нәтижелері туралы пікір алмасты. Педро Варгас Давид Президенттің Euronews сайтындағы мақаласындағы Астана мен Еуропалық одақтың кеңейтілген стратегиялық серіктестігі туралы ойларын еуропалық аудиторияның ерекше ықыласпен қабылдағанын айтты. Еуропа сарапшыларының пікірінше, ЕО мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жоғары қарқынмен дамып, ұзақмерзімді және жемісті ынтымақтастықтың бұрын-соңды болмаған сипатына ие болған.

Әңгімелесу барысында аймақты жаһандық ақпарат кеңістігіне шығаруға және Қазақстанның жетістіктерін халықаралық қоғамдастыққа таныстыруға мүмкіндік беретін бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мәселелері қарастырылды.

Ұқсас жазбалар

Мемлекеттік Туды пайдалану ережесі өзгерді: не өзгерді?

Үкімет мемлекеттік Ту мен Елтаңбаны пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізді. Жаңа ережеге сәйкес, мемлекеттік Туды ғимараттарға,…

Иран Қазақстанға Шахид Раджаи портынан жер телімін бөледі

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Иранның Жолдар және қала құрылысы министрі Фарзане Садек бастаған делегациямен кездесті.

Euronews арнасы қазақ тілінде жаңалық тарата бастады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдап, ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.