Categories Қаржы

Энергетика министрлігі: Қазақстанда жанармай тапшылығы қаупі жоқ

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ, дегенмен заңсыз шығарылудың алдын алу үшін көліктердің ел аумағына кіру жиілігіне шектеу сақталады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің айтуынша, қазір көлік құралдарының Қазақстан аумағына бір реттен артық кіруіне шектеу қоятын бұйрық күшінде. Сондай-ақ Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарындағы жағдай Қазақстанның жанар-жағармай нарығына әсер етпейді.

«Елімізде қажетті жанар-жағармай қоры жеткілікті қалыптасқан. Сондықтан халық үшін жанармай тапшылығы қаупі жоқ», — деді Қайырхан Тұтқышбаев.

Энергетика министрлігі ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз ету және жанар-жағармайдың заңсыз сыртқа шығарылуына жол бермеу бағытындағы бақылау шараларын жалғастырады.

Ұқсас жазбалар

Көлік вице-министрі Астана-1 вокзалындағы жаңғырту жұмыстарын тексерді

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңында болып, нысанды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының…

Қазақстанда электромобиль бағасы 33-35%-ға қымбаттады

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанға электромобиль импорттау жеңілдіктері алынып, баға 33-35%-ға қымбаттады. Елде 24…

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауыты іске қосылады

Қазақстанда 2030 жылға дейін төрт газ өңдеу зауытын іске қосу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында…