Сурет: Instagram желісіндегі @kadyrov95_ ресми парақшасынан
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров алдағы республика басшысын сайлауға «Единая Россия» партиясынан кандидат ретінде ұсынылғаннан кейін, бұл сайлауға амалсыз қатысып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
РИА «Новости» агенттігінің дерегінше, Қадыров халықтың қолдауынан үмітті екенін жеткізген.
«Шынымды айтсам, сайлауға түсіп жатқаныма қуанышты емеспін. Егер менен сұраса, мен басқа үміткерді таңдар едім. Себебі бұл – өте зор жауапкершілік, оның қаншалықты күрделі міндет екенін жақсы білемін. Республикаға көп еңбек сіңірілді. Бүгінде бізде мықты команда қалыптасты, ол үйлесімді жұмыс істеп жатыр. Сондықтан қазір сайлауға белгілі бір дәрежеде амалсыз түсіп отырмын. Халық қолдау көрсететініне сенімдімін. Егер халық қолдаса, мен оған қызмет етуге дайынмын», деді Рамзан Қадыров.
Ол сондай-ақ өз командасының халық үшін бұған дейін атқарылған және қолдарынан келетін нәтижелі істерді әрі қарай да жалғастыра беретінін атап өтті.

