Categories Қоғам

Домбыра үні әлемдік кино мен сериалдарда кеңінен естіліп жүр

Сурет: Коллаж: Canva / Askhat Amanzholov / Kazinform

Биыл Ұлттық домбыра күні 5 шілдеде атап өтіледі. Бұл мереке дәстүр бойынша шілде айының алғашқы жексенбісіне белгіленген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы жылдары домбыра үні әлемдік кино мен сериалдарда жиі естіліп жүр. Netflix платформасындағы «Ауатар: Аанг жайлы аңыз» сериалының екінші маусымының саундтрегіне қазақстандық музыкант Дана Зұлпыхар домбыра мен қобыз партияларын орындаған. Бұл аспаптардың дыбысын жапониялық композитор Такэси Фурукава жазған.

Түріктің «Осман империясының құрылуы» сериалында да қазақтың ұлттық аспаптары қолданылған. Жобаға қобызшы Ержан Арқабай мен домбырашы Арсланбек Сұлтанбеков қатысқан. Оларды Bozdağ Film компаниясы арнайы шақырған. Сериалда музыканттар жыраулардың рөлін сомдайды.

Қазақ мәдениетіне қатысты тағы бір туынды — «Бүркітші қыз» деректі фильмі. Америкалық режиссер Отто Белл түсірген бұл фильм 2016 жылы жарық көріп, Моңғолиядағы этникалық қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыпқызының өмірін баяндайды. Фильмді актриса Дейзи Ридли дыбыстаған.

Қазақ киносында домбыраның орны ерекше. 1970 жылы шыққан «Қыз Жібек» фильмінің музыкасын Нұрғиса Тілендиев жазған. Онда Құрманғазы мен Түркештің күйлері, сондай-ақ Тілендиевтің шығармалары пайдаланылған.

«Қазақфильм» түсірген «Домбыра» қысқаметражды фильмі ұлттық аспапты оқиғаның негізіне айналдырған. Режиссер Рамазан Халиолланың бұл туындысы халықаралық фестивальдерде жүлде алған.

Ақан Сатаевтың «Жау жүрек мың бала» фильмі XVIII ғасырдағы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті суреттейді. Фильмнің музыкасын Ренат Ғайсин жазған.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда балалар арасында қант диабеті жиілеп келеді — ДСМ

Қазақстанда соңғы жылдары балалар арасында қант диабетінің алғашқы сырқаттанушылық көрсеткіші артып келеді.

Өзбекстандық төреші әлем чемпионатындағы ең төмен бағаны алды

Өзбекстандық төреші Ильгиз Танташев Франция-Парагвай матчындағы төрелігі үшін L'Équipe басылымынан 10 балдың 1-ін алып, әлем…

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, қазақ халқының ұлттық мұрасы – домбыраны сақтау және…