Categories Қаржы

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін алмаларға да қатысты болады. Министрлік мұндай шешімнің мақсаты – отандық өндірушілерді қолдау және олардың өнімінің тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету екенін мәлімдеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан ТМД елдерінен шамамен 6 550 тонна алма мен алмұрт импорттаған. Бұл екі өнім сыртқы сауда статистикасында бір тауар коды бойынша есепке алынады. Импорттың ең үлкен көлемі Қырғызстаннан келген – шамамен 2 мың тонна. Сонымен қатар алма мен алмұрт Ресей, Әзербайжан және Өзбекстаннан жеткізілген.

2026 жылдың қаңтар–сәуір айларында өзге мемлекеттерден Қазақстанға 50 мың тоннаға жуық алма мен алмұрт импортталған. Оның төрттен бірі Қытайдан жеткізілсе, ең ірі жеткізуші Польша болды. Бұл елден Қазақстанға 28,7 мың тоннаға жуық өнім әкелінген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстан ОПЕК+ елдерімен бірге тамызда мұнай өндіруді арттырады

Қазақстан ОПЕК+ елдерімен бірге 2026 жылғы тамыздан бастап мұнай өндіру көлемін тәулігіне 188 мың баррельге…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.

Қазақстанда 100 млн еуродан асатын сутегі өндіру жобасы іске асырылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Air Liquide, Wabtec және Alstom компанияларының басшыларымен кездесіп, Қазақстандағы инвестициялық…