Сурет: Egemen Qazaqstan
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Анна Данилина «Уимблдон-2026» турнирінде 1/8 финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Александр Бублик үшінші айналымда америкалық Фрэнсис Тиафоны бес сетте жеңді. Матч 4 сағат 10 минутқа созылып, 4:6, 7:6 (7:5), 7:6 (13:11), 4:6, 6:3 есебімен аяқталды. Бублик 48 эйс жасап, алты рет қос қателік жіберді, 10 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.
Енді ол ширек финалға шығу үшін әлемнің жетінші ракеткасы, америкалық Тейлор Фрицпен ойнайды.
Әйелдер жұбында Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда украиналық Ангелина Калинина мен Даяна Ястремскаяны 2:6, 6:4, 6:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

