Сурет: tourprom
Францияда 22-28 маусым аралығында аптап ыстық салдарынан 2 мыңнан астам адам көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Стефани Рист мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, үй жағдайындағы өлім-жітім саны алдыңғы аптамен салыстырғанда 91 пайызға артқан. Бұл деректер елдегі өлім жағдайларының шамамен 60 пайызын қамтитын электрондық өлім туралы куәліктер негізінде жасалған.
Францияның метеорологиялық қызметі 96 департаменттің 72-сінде ең жоғары қауіп деңгейін жариялаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Елдің бірқатар өңірінде ауа температурасы 40°C-қа дейін жетіп, кей жерлерде бұл межеден де асқан.

