Сурет: sports.kz
Әлем чемпионатының 1/16 плей-офф кезеңінде Швейцария құрамасы Алжирді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде Брил Эмболо 10-минутта, ал Дан Ндой 46-минутта гол соғып, швейцариялықтардың жеңісіне үлес қосты.
Айта кетейік, Швейцария B тобында Канаданы 2:1, Босния және Герцоговинаны 4:1 есебімен ұтып, Қатармен тең ойнап, 7 ұпаймен топтан бірінші орынмен шыққан еді.

