Сурет: ЖИ
Еліміздің көптеген өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір аймақтарда қатты жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Бірқатар облыста аптап ыстық сақталады. ТЖМ Қазақстанның барлық аумағында дауылды ескерту жариялады.
Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +24…+26°C.
Алматыда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 3-8 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +23…+25°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.
3 шілдеде Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.

