Сурет: iapn.kz
Туризм және спорт министрлігі бекіткен жаңартылған ережеге сәйкес биылғы маусым алғаш рет жаңа форматта ұйымдастырылды. Астанада волейболдан 2026-2027 жылғы жастар лигасының алғашқы туры аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
2012-2013, 2014-2015 жылы туған жастар лигасының жаңа маусымына орай «BALALAR VOLLEYBALL FESTIVALY – 2026» фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан волейбол федерациясының бастамасымен Астана циркінде өтті. Фестиваль аясында еліміздің барлық өңірінен келген жас спортшыларға театрландырылған қойылым ұсынылып, цирк әртістерінің өнері мерекелік кештің көркін қыздырды.
Алғашқы турдың қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар мен ойыншылар елордадағы «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында салтанатты түрде марапатталды. Марапаттау рәсіміне Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт комитетінің және Қазақстан волейбол федерациясының басшылығы қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен медальдар табыс етті.
Жастар лигасының келесі турлары маусым күнтізбесіне сәйкес жалғасады. Төрт турдың қорытындысы бойынша 2026-2027 жылғы маусымның үздік командалары анықталады.

