Тоқаев: Құрылтай сайлауында ашық, адал және әділ бәсеке болуға тиіс

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Құрылтай сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Президенттің айтуынша, жаңа Конституцияның күшіне енуі ұлт тағдырына әсер ететін тарихи оқиға. Ата заң ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашады. Осыған орай, ол бірқатар маңызды құжатқа, соның ішінде Құрылтай сайлауы туралы Жарлыққа қол қояды. Бұл партиялар арасындағы бәсекені жандандырады. Мемлекет басшысы алдағы сайлауда ашық, адал және әділ бәсеке болуы керектігін атап өтті.

Тоқаев Қазақстан халқын қоғамдағы түбегейлі өзгерістердің негізгі қозғаушы күші деп атады. Азаматтар елдің ертеңіне бей-жай қарамай, шешуші сәтте таңдау жасауға қабілетті екенін көрсетіп келеді. Бұл – жауапкершілігі жоғары, бірлігі бекем, рухы мен мәдениеті биік ұлттарға тән қасиет.

Президент Құрылтай құрамына нағыз отаншыл, бастамашыл және мемлекетшіл тұлғалар, яғни тек үздіктер ғана кіруі керек екенін айтты. Құрылтай жаңа тұрпатты Қазақстанның маңызды символы саналады. Халық реформалардың нәтижелілігін осы Құрылтайдың қызметіне қарап бағалайды.

Мемлекет басшысы Сенат пен Мәжілістің басшылығы мен депутаттарына ризашылығын білдіріп, олардың мемлекет игілігі үшін адал еңбек еткенін атап өтті. Депутаттардың бірқатары Құрылтайға өтіп, ел игілігі жолында жұмыс істейді деп күтілуде. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесінде де білікті азаматтар болуы керек деп санайды.

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанадағы LRT жүйесінің атауы Tarlan Astana болып өзгерді

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) енді Tarlan Astana деп аталады. Тиісті қаулыға қала әкімі…