Орал қаласы әкімдігі  қысқы маусымға дайындықты тексерілді

Орал қаласының әкімі қала жолдарын күтіп-ұстаумен айналысатын «Жайық таза қала» ЖШС техникалық базасын аралап, қысқы маусымға дайындық барысын тексерді. «Салтанат сарайы» алдындағы алаңда мекеменің арнайы техникасы көрсетіліп, директор Ринат Нұрғалиев қысқы жұмыстарға дайындық туралы баяндады.

 

Қала бойынша қысқы кезеңде жұмыс істейтін 370 арнайы техника бар, соңғы бес жылда парк 110 жаңа техникамен толықтырылып, жаңартылған. Жұмыстарға 750-ге жуық қызметкер жұмылдырылмақ.

 

Қала әкімі алғашқы қар түскен сәттен бастап техника толықтай іске қосылып, жолдар мен жаяу жүргінші жолдарын қар мен мұздан уақытылы тазалау қамтамасыз етілуі керегін тапсырды.

Сурет: Орал қ әкімдігі

Ұқсас жазбалар

Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды

Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz.

Астанадағы LRT жүйесінің атауы Tarlan Astana болып өзгерді

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) енді Tarlan Astana деп аталады. Тиісті қаулыға қала әкімі…